01
желтоқсан
2023
Үйлесімді және тиімді тамақтану.
дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу; және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын кене заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады. Адам денсаулығының мықты болуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсеріне, 20% тұқым қуалаушы қасиеттерге, тек 10% ғана денсаулық сақтау ұйымдарының жетістіктеріне байланысты. Егер адам денсаулығына әсер ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсак, соның 35% тамақтанудың үлесіне тиеді.