27
қараша
2025
«Білім бәйгесі» атты интеллектуалдық сыныптан тыс іс-шара
МИФ әдістеме бірлестігі апталығының жоспарына сәйскес 6–7 сынып оқушылары арасында математика, информатика және физика пәндері бойынша «Білім бәйгесі» атты интеллектуалдық сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын оятып, белсенділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.
Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушы топтар белсенділік танытып, шынайы білім сайысының үлгісін көрсетті.
Шара соңында жеңімпаз топтар мен үздік қатысушылар марапатталып, мақтау қағаздары мен алғыс хаттарға ие болды.
Білім – болашаққа бастар жол. Осындай танымдық шаралар оқушылардың дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.