26
қаңтар
2024
«Оқушылардың психологиялық денсаулығы» онкүндігі
№ 1 орта мектебі бойынша «Оқушылардың психологиялық денсаулығы» онкүндігі аясында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Мектеп психологы мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып 5А,Б; 6 А,Ә,Б; 7 В; 8А, Б; 9Б; сыныптарымен «Менің көңіл-күйім» тақырыбында сурет салынды. Мақсаты қазіргі кезде оқушылардың қандай көңіл-күйде жүргенін зерттеу. Нәтижесінде бұл суреттік жобалау әдісіне 129 оқушы қатысты. Сурет салу барысында оқушылар көңіл-күйлеріне қарай әр түрлі бағытта суреттер салған табиғат, күн, ашық аспан, бұлт, үй, жан-жануарларды, жүрекшелер, өз отбасыларын, өздері ойнайтын ойындарын және болашақ мамандықтарын, телефон, компьютер, кітап дәптер, шар т.б суреттер салған. Жалпы айтатын болсақ оқушылардың басым көпшілігі позитивті бағыттағы суреттерді салып ашық түстерді көбірек қолданылған. Бұдан шығатын қорытынды оқушылардың қазіргі кездегі жай-күйлері қалыпты екні байқалады. Көркем еңбек Пәні мұғалімі Тынбаева Б.К. Кусманова А.С. және мектеп психологы Конгратбаева Ж.Б.