03
қаңтар
2024
« Балаңызға кітап сыйлаңыз» , «Досыңа кітап сыйла» атты акциясы
№1 орта мектеп кітапханасында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 3 қаңтары мен 3 ақпан аралығында ата-аналар мен оқушылар арасында « Балаңызға кітап сыйлаңыз» , «Досыңа кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылар арасында қарапайым және мейірімге толы кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне сыйға тартуға үйрету, кітаптың құндылығын айтып, ең бағалы сыйлық ретінде қабылдауға үйрету. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын, кітаптың қоғамдағы ролін арттыру.
Аталған іс шараға мектеп оқушылары мен ата- аналары белсене қатысты . Ата-аналар жаңа жылға балаларына кітап сыйлады. Мысалы белсенділік танытқан 1а, 2б, в, 4а ,5ә сынып ата аналары " Балаңызға кітап сыйлаңыз", " Жаңа жылда балаларға жаңа кітап", «Досыңа кітап сыйла » атты игі бастамаларды жалғастырды. Ата аналар аталған іс-шараға өз үлестерін қосып балаларының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында балаларына әр түрлі тақырыпта кітаптар сыйлады.
Адамзат баласының қол жеткізген игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Кез келген елдің тарихын, жүріп өткен жолын баян ететін де сол кітап.
Акция барысында оқушылар кітап сыйлаудың маңызын түсініп, игілікті іске үлес қосу – сауапты іс екендігін түсінді . Кітап оқу арқылы адам рухани дами түсетіндігі, адамдардың кітап оқуының маңызы жайлы пікір алмасты.
Мектеп кітапханашылары өз кезектерінде оқушыларға зиялы қауым өкілдері ұрпаққа қалдырған ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, оқушыларды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Акция соңында қатысушылар сыныптастарына әкелген кітаптарын табытап, бір-бірімен кітап алмасты.