09
ақпан
2024
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан жарыс
09.02.2024 жылы №1 орта мектеп кітапханасында қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 6 а, ә сыныптары арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Екі сынып та ережеге сай ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып , өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады және де оқушылар ақын өмірі мен шығармаларына байланысты сұрақтарға жауап берді. Іс –шараға бастан аяқ сарапшылық жасаған әділ қазылар алқасы жақсы дайындықпен келген 6 а сыныбын жеңімпаз деп жариялады, бірақ та 6 ә сынып оқушыларың да жарысқа жақсы дайындықпен келгендері байқалып тұрды, кешке қатысушылар мен ұйымдастырушылар екі сынып оқушыларына да өз алғыстарын білдірді. Мектеп кітапханашылары іс-шараға қатысушы сыныптарға өздерінің сыйлықтарын табыс етті.