18
қаңтар
2023
Психологиялық денсаулық
18.01.2023 жылы № 1 орта мектеп кітапханасында « Психологиялық денсаулық » онкүндігі аясында « Ертегілер елінде» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара 3ә сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты оқушылардың бойында дені сау адамның өзі үшін де , өмір сүріп отырған қоғам үшін де, маңызды екенін түсіндіру,өз денсаулығын дұрыс қалыптастыра білуге үйрету және салауатты өмір салтына баулу. Мектеп кітапханашысы Аян Нұраханқызы кітап көрмесіндегі ертегі кітаптарға шолу жасаса, кітапханашы Айман Казибекқызы денсаулық жайлы «Ең қымбат байлық», «Ақ тиын мен қасқыр » атты халық ертегілерін оқып берді. Оқушылар ертегіні қызыға тыңдап өз ойларымен бөлісті.