"Тәртіпке бағынған құл болмайды" ұлдар жиналысы » Средняя школа №1
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"Средняя школа №1"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-83
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
11
ақпан
2023

"Тәртіпке бағынған құл болмайды" ұлдар жиналысы

"Тәртіпке бағынған құл болмайды" ұлдар жиналысы


Тақырыбы: “Тәртіпке бағынған құл болмайды”


 Ұлдар жиналысының мақсаты: Школьникам адалдық, шындық туралы түсінік
 Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
 
 Міндеттері:
 1. Школьникам дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту.
 2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
 3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.
 Ресурстар: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, суреттер
 
 
 Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі жиналысымызды ашық деп жариялаймын.
 
 Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз.
 
 Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
 
 
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
 
 Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
 
 Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
 
 Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, озара пікірлесіп ой бөлісеміз.
 
 Мұғалім сөзі: Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы 
жиында дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз 2 - топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
 1 - Топ.«Татулық»
 2 - топ. «Сыйластық»
 
 1 - арал.
 
 Сұрақтар:
 Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
 Сендердің де адал достарың бар ма?
 Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?
 «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
 «Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?
 
 Мұғалім
 Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
 "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
 
 Сұрақтар:
 – 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
 – Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
 – 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
 – Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
 – Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
 – 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
 – Асықпай түсіндіріп беремін.
 – 4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
 – Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
 – 5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
 – Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
 – 6. Әдептілік деген не?
 – Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.
 - 7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
 - 8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
 Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
 9. «Жалғастыр»
 «Не істеуге болмайды?».
 - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
 - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
 - Құстарды...........................(атуға болмайды.)
 - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
 - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
 - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
 
 10. «Не істеу керек?»
 - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
 - Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
 - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
 - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
 - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив