21
сәуір
2023
"Eko-Bolashak" абаттандыру, көгалдандыру.
"Eko-Bolashak" абаттандыру,көгалдандыру бойынша. Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда мектеп директорының м.а Г.Т.Рахымбаеваның ұйымдастыруымен мектебімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Біз осы орайда ауыл тұрғындарын, мектеп оқушыларын қоршаған ортаны , мектеп ауласын тазарту, ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретіп, өзара әрекеттесуді мақсат етіп жұмыс істеп жатырмыз. Мектепте «Экочеллендж», «Экодесант» жобалары экоағартушылық,көгалдандыру, ауылды тазарту және экопатрульдер дайындау бағыттары бойынша жұмыс істеп келеді.