12
желтоқсан
2024
« Қанатты қалам иесі » атты әдеби кеш
Алатау қаласына қарасты Қоянқұс ықшамауданында орналасқан №1 орта мектеп кітапханасында жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай Алатау қаласының мектеп кітапханашыларының қатысуымен жазушы шығармашылығына арналған « Қанатты қалам иесі » атты әдеби кеш ұйымдастырды. Бейімбет Майлин 37-жылғы зұлматтың жазықсыз құрбаны болғандардың бірі, үлкен дарын, көп қырлы талант иесі, небары 43 жыл ғана өмір кешкен қазақтың зиялы перзенті.
Іс-шара мақсаты қазақ әдебиетін барлық салада байытқан жазушы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын терең де түбегейлі тану, насихаттау. оқушылардың көркем әдебиетке деген ынтасын арттыру, болды.
Мектеп оқушылары мен жас ұстаздар Бейімбет Майлиннің өлеңдерін оқып көрермендер қошеметіне бөленді. 9,10,11 сынып оқушылары жазушының «Шұғаның белгісі» әңгімесін оқып , кеш қонақтарына әңгіме желісі бойынша сахналық көрініс ұсынды ,ән де шырқалып би де биленді.Кеш соңында кеш қонақтары ұйымдастырушыларға көтеріңкі көңіл сыйлағандары үшін өз алғыстарын білдірді.