Тілдер мерекесі » Средняя школа №1
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"Средняя школа №1"
отдела образования Илийского района
Приемная
+7(72) 43-50-83
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
11
қыркүйек
2020

Тілдер мерекесі

Тілді құрметтеу-Отанды сүю
     «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі-тіл,бірі-ділің жүректегі»,-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің,елдің ең негізгі рәмізі де,ұраны да,тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып,өзара түсінісіп,оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады.Тіл  халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті болмысы деуге болады.
   Тіл мерекесі басталысымен №1 орта мектептің ұстаздары да қашықтықтан оқытып жатқандарына қарамастан, жоспар арқылы оқушылармен біріге отырып,мерекені атап өтті. «Заңғар», «Словесник» әдістемелік бірлестіктері «Тілді  құрметтеу-Отанды сүю» тақырыбында мәнерлеп өлең оқуды ұйымдастырды.Оқушылар Zoom платформасы арқылы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. А.Байтұрсынов өлеңдерін мәнерлеп оқуды «Заңғар» әдістемелік бірлестігі жоғарғы деңгейде өткізді.Сонымен қатар «Халық даналығы тілде» тақырыбында оқушылар арасында эссе жазды. «Өнер» мен «Табиғат» әдістемелік бірлестіктері ұйымдастырған «Менің туған өлкем» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Бастауыш сыныптары мен жоғарғы сыныптар тіл мерекесіне байланысты сынып сағаттарын Zoom платформасы арқылы қызықты өткізе алды.
     Жоспар бойынша өткізілген іс-шараларды басшылыққа ала отырып,тіл-халықтың тарихы,тіл-ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,арымыз,байлығымыз екенін жас ұрпаққа толығымен түсіндіруіміз қажет.Мемлекеттің де,ұлттың да болашағының жарқын болуы тікелей тіл мәртебесіне байланысты.Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани  дамуы жолында тіл саясатын барынша батыл қолға алып,
болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру басты мақсатымыз болып саналуы қажет.                                
                                                                               №1 орта мектептің
                                                         қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
                                                                               Матакбаева Р.Ч.

Похожие публикации:

14 қыркүйек 2020 Тілдер мерекесі
12 қыркүйек 2020 Тілдер мерекесі
12 қыркүйек 2020 Тілдер мерекесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив