07
желтоқсан
2022
Асхана
№1орта мектеп бойынша ыстық тамақ ішетін оқушылардың саны 82 оқушыны құрады. Арендатор есебінен 12 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.Оқушылардың асханада көп шоғырлануын болдырмау мақсатында оқушылардың ыстық тамаққа баруы 3 уақытта ұйымдастырылған.Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орынның талапқа сай болуы, асханада тиым салынған заттардың сатылымға шықпауы және асхана қызметкерлерінің жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы (арнайы киім формасының болуы, тазалығы т.б.) бақылауда ұсталынады және кемшілік байқалған сәтте ескертулер беріледі. . Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, көп балалы отбасыдан шыққан балалардың тегін ыстық тамақпен қаматамасыз етілуі туралы және мектеп асханасының жұмысы мен күн тәртібін белгілеу және сақтау мақсатында комиссия құрамының жұмыс жоспарына сәйкес АКТ жасалынып отырады.