19
қыркүйек
2025
“ Туған тілім-тұғырым ” атты кітап көрмесі
19.09.2025 жылы Алатау қаласы Қоянқұс ықшамауданындағы № 13 орта мектепте Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектепішілік тілдер айлығына орай “ Туған тілім-тұғырым ” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды . Кітап көрмесіне Ахмет Байтұрсынұлының “Атамұра ” баспасынан 2003 жылы жарық көрген “Әдебиет танытқыш” зерттеулер мен өлеңдер жинағы “Жиған терген “ атты жыр жинағы тағы да басқа баспасөз материалдары насихатталды. Сонымен қатар мектеп кітапханашылары әр оқушы сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстаса ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз екенін және де «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қ.Мырзалі атамыз айтқандай, басқа тілді біле отырып, ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырды.
Кітап көрмесі 9-11 сынып оқушыларына насихатталып қысқаша шолу жасады.
Кітап көрмесі 9-11 сынып оқушыларына насихатталып қысқаша шолу жасады.