10
мамыр
2023
''Дұрыс тамақтану '' - денсаулық кепілі.
''Дұрыс тамақтану '' - денсаулық кепілі
Баланың денсаулығын, оның физикалық және ақыл-ой дамуын анықтайтын негізгі бағыттардың бірі-жас ұрпақтың сапалы тамақтануын ұйымдастыру. Мектепте барлық оқушыларға ыстық тамақ беру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар әкімшілік пен мұғалімдердің ерекше бақылауында.
Оқушылардың барлығы толық мектептен бір мезгіл ыстық тамақ ішуде. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін комиссия тобы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізіледі. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрады. Асханада ас мәзірі мен оқушылардың тамақтану кестесі, сынып жетекшілердің кезекшілік кестесі бар.