Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай №1 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен « Мен жастарға сенемін » атты поэзия кеші ұйымдастырылды » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай №1 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен « Мен жастарға сенемін » атты поэзия кеші ұйымдастырылды
27
желтоқсан
2023

Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай №1 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен « Мен жастарға сенемін » атты поэзия кеші ұйымдастырылды


26 желтоқсан күні Қазақ әдебиетінің XX  ғасыр басындағы  жарқын жұлдыздарының         бірі  Мағжан Жұмабаевтың туғанына  130 жыл толуына  орай  №1 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен « Мен жастарға сенемін » атты поэзия кеші ұйымдастырылды. Іс-шара 10 а сынып оқушыларымен және де мектептегі жас ұстаздардың қатысуымен өтті . Оқырмандарына көтеріңкі көңіл – күй, бойға рух, жанға жігер беретін ақын жырларын мәнерлеп нақышына келтіре оқыған оқушылар мен жас ұстаздар көрермендер алғысына бөленді. Ақын өлеңдерін кең насихаттау және өлеңдерінің құдіреттілігін жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейту, отаншылдық сезімін арттыру ,батылдыққа , жастарды елін, жерін сүюге баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында шәкірттерге үлгі болған жас ұстаздар  тарих пәнінің мұғалімі Бекболат  Құрманғазыұлына, физика пәнінің мұғалімі Мадина Тұрғанқызына ,тарих пән мұғалімі Еңлік Ғаниқызына және де 10 сынып оқушылары мен кешті ұйымдастырушы мектеп кітапханашыларына  мектеп басшысы Рахымбаева Галия Тахировна мектеп әкімшілігі атынан жылы лебізі мен ризашылығын білдірді. Аталмыш іс-шара соңыңда ақынға арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Онда кітапхана қорындағы Мағжан Жұмабаевтың шығармалары мен ақын өміріне байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметер орын алды Кеш қонақтары мен қатысушылар Мағжан Жұмабаевтың « Сен сұлу » өлеңіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әнін  орындап көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив