Дінмұхамед Қонаев музей-үйіне саяхат » Средняя школа №13
Алматы облысы білім басқармасының
Алатау қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
мамыр
2026

Дінмұхамед Қонаев музей-үйіне саяхат

2026 жылдың сәуір айының соңғы аптасында №13 орта мектептің кітапханашылары 10-сынып оқушыларымен және сынып жетекшлерімен бірге  Дінмұхамед Қонаев музей-үйіне саяхат  ұйымдастырды.
 Саяхат мақсаты – оқушыларды көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірімен, қызметімен және музейдегі кітап қорымен таныстыру, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Оқушылар мен ұстаздар  әйгілі тұлғалар мекен еткен көшеге арнайы барып, Қонаевтың өнегелі ғұмырынан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысып қайтты. Оқушылар  Алматыда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған екі музей бар екенін біліп екі музейге де саяхат жасады. Оның алғашқысы музей болса, екіншісі – өмірінің соңғы жылдарында тұрған пәтері екенін біліп екі мұражайды да тамашалап қайтты.. Мұнда олар Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевтың балалық шағы, отбасылық өмірі, мемлекеттік қызметі мен дипломатиялық жұмыстары туралы естеліктермен танысты . Ал пәтерінен  оқушылар ұлы тұлғаның  қалай өмір сүргенін көрді. 
Саяхат барысында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, Қонаевтың өмір жолы, еңбек жолы және ел дамуына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар, музейдегі кітап қорымен танысты. Қонаевтың жеке кітапханасында шамамен 4–5 мыңға жуық кітап жинақталғаны белгілі болды. Бұл кітаптар тарих, саясат, экономика және көркем әдебиет салаларын қамтиды. Оқушыларға Қонаевтың кітапты көп оқығаны, әр кітаптан маңызды тұстарды белгілеп, ой елегінен өткізіп отырғаны туралы мәлімет берілді.
Іс-шара барысында оқушылардың қызығушылығы артып, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай  саяхаттар  жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.
Қорытындылай келе, өткізілген саяхат сабағы оқушылар үшін мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив