01
мамыр
2026
«Батыр бабалар» мемориалды мұражайына танымдық саяхат
Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданындағы № 13 орта мектептің 8 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Батыр бабалар» мемориалды мұражайына танымдық саяхат жасады.
Саяхаттың басты мақсаты – жаугершілік замандарда қазақ жерін жаудан қорғаған батыр бабалардың ерлігі мен қиын-қыстау кезеңдерде ел басқарған ,ел тағдырын өз тарихынан биік қойған тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау , отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және тарихи санасын қалыптастыру болды.
Саяхат барысында оқушылар мұражай экспозицияларымен танысып, қазақ халқының батырларының өмірі мен ерлігі туралы құнды мәліметтер алды . "Батыр бабабалар мемориалды" музейінің меңгерушісі Әлім Орынбасар Тәлімжанұлы оқушыларды есік алдынан өзі құрметтеп күтіп алып , мұражайдағы қазақ даласын жаудан қорғаған батырлар ұстаған қару -жарақтар коллекциясынан тұратын « Ер қаруы - бес қару» атты бөліміндегі тарихи жәдігерлерден бастап тәуелсіздікке дейінгі тарихымызды кезең кезеңмен өте әсерлі таныстырып шықты . Сондай ақ музейдің ғылыми қызметкері тарих магистрі Нұрғожа Қыдыр Нұрбергенұлы оқушыларға қазақтың атақты қолөнер шебері, этнодизайнер, ұста және зергер Дәркембай Шоқпарұлының шығармашылығы мен еңбегі жайлы дәріс оқыды. Оқушылар өздері тыңдаған мағаналы дәрістен шебердің қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлі қолөнерін қайта жаңғыртып, кәсіби деңгейге көтерген бірегей тұлға екендігі жайлы қызықты ақпарат алды . Ағаш, металл, тері, сүйек, тас және тоқыма өнерін тең меңгерген әмбебап шебер болғанын білді..
Оқушылар саяхаттан үлкен әсер алып , өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл іс-шара олардың туған елге деген құрметін арттырып, тарихқа деген қызығушылығын оятты.
Қорытындылай келе, мұражайға жасалған бұл саяхат оқушыларымыз үшін қызықты, тәрбиелік және танымдық тұрғыдан өте маңызды болды.