« Мирас болған мол мұра » атты кітап көрмесі » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ақпан
2024

« Мирас болған мол мұра » атты кітап көрмесі

№1 орта мектеп кітапханасында қазақ өнеріне еңбегі сіңген тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтың туғанына 120 жыл толуына орай                            « Мирас болған мол мұра » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты оқушылардың қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру ,оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін арттыру, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру. Кітап көрмесін таныстырған кітапханашылар Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызы суретшінің өмірі мен шығармашылығын таныстыра келіп, оның сонау 20-30 жылдары-ақ Қазақстандағы болашақ суретшілер Одағының негізін қалаушы екенін және де оның адам жанын, оның шаттығы мен мұңын, қуанышын тереңнен түсіне білгенін және айналадағы табиғат құбылыстарымен адам көңіл күйін шебер жеткізген суретші екені туралы тереңірек әңгімеледі. Кітап көрмесінде  Р.А. Ерғалиевтың «Әдебиет әлемі» баспасынан 2014 жылы жарық көрген Әбілхан Қастеевтың өмірбаянынан сыр шертетін «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен жарық көрген    « Әбілхан Қастеев » кітабы ,сондай ақ «Өнер» баспасынан 1990 жылы жарық көрген «Қазақстанның бейнелеу өнері » фото альбомы мен суретші өмірі жайлы мақалалар  насихатталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив