«Lesson stady – тиімді оқытудың негізі» атты семинар » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ақпан
2024

«Lesson stady – тиімді оқытудың негізі» атты семинар

2024 жылдың 22 ақпанында 1 орта мектепте  «Lesson stady – тиімді оқытудың негізі» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты Lesson Study үдерісін іске асыру және оның нәтижесін таныстыру арқылы, мұғалімдердің дамудың қандай сатысында екендігін анықтау. 
Семинарға мектептің барлық ұстаздары мен қызметкерлері қатысты. Семнар тақырыпшалары бойынша баяндама жасағандар: Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары   Шубаева Ултай Кудайбергеновна «Lesson stady – тиімділігі мен маңызы туралы»,  «Сабақты зерттеу (Lesson stady) топтарының жұмысы» туралы  - Нурпейсова Самал Жумагазиевна, Сабақты өткізу, оқушыларды бақылау – Матақбаева Рысхан, Жаныспаева Инават, Google формада тест жасау, сауалнама жасау әдістерін – Мұқаш Мадина, Jamboard (фрейм) тақтасымен жұмыс жасау бойынша – Еспенбетова  Мөлдір, Керимтаева Алма. Семинар барысында  баяндама жасалып, презентациялар көрсетіліп, қатысушылармен пікір алмасу болды.  Әр педагог үшін өз білімін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады . Қазіргі кезде педагогтар дарынды, талантты, шығармашыл, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын, тілін, дінін білетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қастерлейтін, еңбекқор, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өзбетімен шешім қабылдай алатын, ізденуші, зерттеуші, бақылаушы , шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. 
Семинарда  «Lesson   Study » дегеніміз не? қандай маңыздылығы бар?  деген сұрақтар кеңінен ашылды. Семинар соңында мектеп диреторы Рахымбаева Ғ.Т. сөз сөйлеп: Lesson Study – білімді жетілдіруге бағытталған, сабақ зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екенін атап өтті. Мектебімізде бұл әдіс бойынша сыныптар анықталып, зерттеу сабағын жүргізу үшін зерттеу тобы құрылып жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Осылайша Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың бірден бір тәсілі екеніне, бірге жоспарлау, бірге қадағалау, бірге талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастыратынымызға, өз біліктілігімізді көтере отырып, ортақ мақсатымызға оңай қол жеткізе алатынымызға көз жеткіздік. Біз үшін Lesson Study  үлкен тәжірибе алаңы болды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив