АС - А Д А М Н Ы Ң А Р Қ А У Ы » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қаңтар
2022

АС - А Д А М Н Ы Ң А Р Қ А У Ы







"А С - А Д А М Н Ы Ң А Р Қ А У Ы"
Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Адам ағзасына құнарлы астың тигізер шипасы мол. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp.
Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айналысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Адамның күнделiктi тиімді тамақтануға қажеттi тағам түрлерiн төмендегідей топтарға жiктеуге болады. Оның алғашқысына құрамында ағзаға қажеттi ақуыз, май, көмiртегi, дәрумендер мен минералды тұздары бар сүзбе, сүт, қаймақ, айран, iрiмшiк, құрт, құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, қымыз, шұбатты енгізуге болады.
Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен. . Бабаларымыздың негізгі асты кешке қарай, күн батпай тұрып ішкені де дұрыс екені дәлелденіп отыр. Бірақ, әсіресе ұйқыға жатар алдында асқазанға көп күш салмаған дұрыс. Сонымен қатар бір-біріне сәйкес келмейтін астарды араластырмай тамақтанған жөн, сонда ғана шын мәнінде «ас –адамның арқауы» болады.
А.О.Мукашева. Қоянқұс ауылы «№ 1 орта мектеп» әлеуметтік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив