Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қаңтар
2023

Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға

12.01.2023 жылы №1 орта мектеп кітапханасында мектеп кітапханашылары  Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызының ұйымдастыруымен халқының алғысы мен шексіз сүйіспеншілігіне бөленген мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына орай « Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өтті.  Мектеп ұстаздары мен 9а сынып оқушыларының қатысуымен өткен іс-шара мақсаты халқымыздың біртуар ұлы перзенті Дінмұхамед  Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен ,еселі еңбектерін келешек ұрпаққа насихаттау, Қонаевтай қайталанбас қайраткердің Қазақстанның тарихи өміріне қосқан өлшеусіз үлесімен таныстыру .

   Іс-шара барысында Ұлы тұлғаның ел қамы үшін жасаған ірі істері барынша дәріптелді. Қатысушы оқушылар мен ұстаздар  Ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі жайлы өздері білетін мағлұматтармен ой бөлісті. 

Кітапханада «Ғасырдың дара перзенті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде Дінмұхамед Ахметұлының  « Өтті дәурен осылай » атты журналист Серік Әбдірайымұлының редакциялауымен  2011 жылы Алматыкітап баспасынан жарық көрген  естелік кітабы және де әр жылдары басылған фото альбомдар мен баспасөз материалдары насихатталды.

Кітапханашылар өз кезегінде Дінмұхамед Ахметұлының ел басқарған ширек ғасыр ішінде өзінің қарапайымдылығы, үлкен мәдениеттілігі ,иманжүзділігі ізеттілігі ,халық дәстүрін жақсы білгндігі, тағлымы терең ,ой -өрісі биік жан болғаны   жайлы мағаналы да қызықты  мәліметтермен бөлісті. 




 





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив