« Оқуға құштар мектеп » жобасы. » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
мамыр
2023

« Оқуға құштар мектеп » жобасы.

« Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында №1 орта мектеп кітапханасында «Бердібек Соқпақбаев –балалар әдебиетінің атасы » тақырыбында кітап көрмесі және жазушының «Балалық шаққа саяхат» шығармасын оқыған 8 а сынып оқушыларымен шығарма жайлы ой пікір алысу болды. Іс-шара мақсаты қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.  Елжандылыққа тәрбиелеу.                    
   Кітап көрмесінде жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен  шығармалары насихатталды. Іс-шара барысында оқушылар жазушының туған жері балалық шағы мен шығармалары жайлы тың деректермен танысты.
Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа»  повесі туралы айта отырып, кітапханашылар Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызы бұл шығарма – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан  туындаған шығарма екенін және де бұл  шығарманың өз елінен алғашқыда қолдау таппағанын себебі «Кеңестік тәрбиеге » қайшы келгені жайлы айтты.  Баспалар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды 
    Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп,  1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясында осы повесть бойынша сценарий жазылып, көркем фильм түсірілді, режиссер Абдолла Қарсақбаев түсірген фильм Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Жазушының өмірі мен шығармалары туралы жоғарыдағыдай мәліметтер алған оқушылар кітапханашыларға алғыстарын айтып көтеріңкі көңіл күймен тарасты.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив