13
желтоқсан
2024
«Желтоқсан жаңғырығы » атты кітап көрмесі
13 желтоқсан күні №1 орта мектеп кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай «Желтоқсан жаңғырығы » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды еліміздің тарихи кезеңдегі жүріп өткен жолын баян еткен көрмеде Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы -Қайрат Рысқұлбековтың «Еменнің иір бұтағы» өлеңдер, нақыл сөздер , хаттары мен естеліктер жинағы, сондай ақ Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Аманғазы Әлімғазыұлының « Жаралы Желтоқсан » т.б Тәуелсіздік жайлы шығармалар ұсынылды. Кітап көрмесінің мақсаты : Желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылардың көңіліне ұялату ,патриоттық тәрбие беру , Тәуелсіздікті құрметтеуге тәрбиелеу. Сол кезеңдегі кеңестік империяның іргесін шайқалтқан нәзік жанды,өр мінезді ,намысты жастарымыздың ерлік істерін үлгі ету. Кітап көрмесі 7-11 сынып оқушыларының назарына ұсынылды. Кітапханашылар Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызы кітап көрмесіне қысқаша шолу жасады.



