31
наурыз
2025
« Әдебиет әлемінде көктем самалы » атты іс-шара
21-31 наурыз аралығында №13 орта мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Ақмарал Рахманқұлқызы « Әдебиет әлемінде көктем самалы » атты іс-шаралар жоспарын жасады ,мақсаты көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақыттарында кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау. Сынып жетекшілер ,ата-аналар және оқушылар бірлесе отырып кітапханашылар ұсынған әдебиеттерді оқып өз ой- пікірлерімен алмасты. Іс-шара жалғасын табуда .

