06
ақпан
2026
«Жас мерген – 2026» пневматикалық винтовкадан оқ ату жарысы
8–9, 10–11 сынып оқушыларына арасында мектепшілік «Жас мерген – 2026» пневматикалық винтовкадан оқ ату жарысы өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы дене дайындығын жетілдіру, мергендікке қажетті психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың дербестігін арттыруға, өз нәтижесін талдай білуге және жарыс алдындағы жауапкершілікті сезінуге бағытталған. Жарыс қортындысы бойынша: Ұлдар арасында: Ⅰ-ТаировД-10Б сынып, Ⅱ-КозловП-7Бсынып, Ⅲ-МомучоглыХ-8Б сынып. Қыздар арасында: Ⅰ-Ахунова Д-8Б сынып, Ⅱ-Шаукен А -10А сынып, Ⅲ-Сапарғали Қ-10А сынып. Жеңімпаздарға қалалық кезеңге жолдама берілді.







