«Ғылыми жаратылыстанудағы функционалдық сауаттылықты сабақта тиімді пайдалану» » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ғылыми жаратылыстанудағы функционалдық сауаттылықты сабақта тиімді пайдалану»
13
қаңтар
2023

«Ғылыми жаратылыстанудағы функционалдық сауаттылықты сабақта тиімді пайдалану»

Тақырыбы: «Ғылыми жаратылыстанудағы функционалдық сауаттылықты сабақта тиімді пайдалану»
Мақсаты:
 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін сабақта тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалану.
Жаратылыстану пәндері  (химия, биология,география ) сабағында ғылыми  жаратылыстану  процестері  мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау дағдыларын дамыту.
          Өткізілген іс –шарада мынадай жұмыстар қамтылды. Ашылу кезеңін биология пәнінің мұғалімі Бейсенова Ж.Ж. тыңдаушы мұғалімдермен «Менің есімімнің басқы әрпі» деген тренинг өткізді. «Формирование функциональной грамотности на уроках географии» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Кульжанова Р.А. сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қолданылатын әдіс тәсілімен бөлісті. Олар: Тест жұмысы, суретті тапсырма, картамен жұмыс.
        «Еріген заттың массалық үлесі» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Туткабекова Б.Ж. 5 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушының функционалдық сауаттылығын арттыратын әдістер қолданды. Өткен тақырып бойынша «Сұрақ- жауап әдісі» ұсынылды. Жаңа сабаққа интербелсенді тақтадан бейнематериал көрсетіліп, «Суретті тапсырма», қоспаларды бөлу әдістеріне арнайы зертханалық ыдыстар қолданды. Сергіту сәтіне «Атом және молекула» әдісі қолданылды. Еріген заттың массалық үлесін есептеуде оқушылар арнайы формула арқылы деңгейлік есептер шығарды. 
        «Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын дамыту үшін қолданылатын әдістер» тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Кунанов А.Н. сабағында қолданып жүрген әдістердің элементтерімен таныстырды. «Пирамида», «Тұлғаны таны», «Виртуалды зертхана».
        Биология сабағында функционалдық сауаттылығын дамыту әдіс - тәсілдері
баяндама – практикумды биология пәнінің мұғалімі Бейсенова Ж.Ж. көрсетті. Оқушының функциолады сауатты болуына өткізілген сабақтарда әсерін береді. Соған байланысты «Сурет және термин», «Суретті тапсырма» әдістерін көрсетті. Сол тапсырманы орындай  отырып, оқушыдан неге ондай жауап таңдағанын дәлелмен көрсетуді талап етуін айтып өтті.
         Семинар соңында өткізілген іс шараға мұғалімдер тарапынан талдау, ұсыныстар айтылды. Семинар өз деңгейінде өткізілді .










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив