Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай 8 сынып оқушылары арасында «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай 8 сынып оқушылары арасында «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш
09
ақпан
2024

Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай 8 сынып оқушылары арасында «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш

№1 орта мектеп кітапханасында мектеп  кітапханашылары « Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында  қазақ  халқының  асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері  Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына  орай  8 сынып оқушылары арасында  «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы»  атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.          Іс-шара мақсаты: ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.      Іс-шараға қатысқан 8 а сынып оқушылары сынып жетекшісі Керімтаева Алма  Сағиқызымен бірге ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып қана қоймай  , ақын әндерімен  де танысып ақынның «Тау ішінде» әнін ұлдар тобы көрермендер назарына ұсынды. Оқушылар  өздері оқыған ақын өлеңдерінің мәні мен мағанасына, тарихына  терең үңіліп  ақын шығармашылығымен жақынырақ танысты. Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын  осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де,  өлеңдері халқымен бірге жасай бермек .
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив