05.04.2023 жылы жоспарға сай “Жас мамандар”мектебінің #7 отырысы өтті. » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сәуір
2023

05.04.2023 жылы жоспарға сай “Жас мамандар”мектебінің #7 отырысы өтті.

05.04.2023 жылы жоспарға сай “Жас мамандар”мектебінің #7 отырысы өтті.“Сабақ үрдісіндегі іс-тәжірибем” тақырыбында жас мамандар ықшам сабақ көрсетті.Химия пәні мұғалімдері Қадыл Мөлдір,Кунанов Алмас Назарбаевич сабақтың ұйымдастыру кезеңін көрсетті.Сабақтың тақырыбы “Қышқылдар”. Сабақтың басталу кезеңінде психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында “қорапша” әдісі арқылы ықшам сабаққа қатысқан мұғалімдер бір-біріне көңіл күй сыйлады. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды топқа бөлу,үй тапсырмасын сұрау кезеңдерін платформаларды тиімді пайдаланып сабақта қолданатын іс-тәжірибелерімен бөлісті.Тарих пәні мұғалімдер Тоғызбай Інжу Талғатқызы,Болатова Еңлік Ғаниқызы “ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті” тақырыбында сабақтың аяқталу кезеңін көрсетті.Сабақтың бекіту кезеңінде “LearningApp” платформасын қолданып,бекіту тапсырмаларын көрсетті.Кері байланыс ретінде “Answergarden” платформасы арқылы сабақта қиындық туғызған мәселелермен,сабақта қолданылған тапсырмалардың қайсы ұнағандығын анықтады.Математика пәні мұғалімі Таңсықбек Ақтолқын Талғатқызы сабақтың бекіту сабақтың аяқталу бөлігін алып,бекіту мен кері байланыс тапсырмаларын көрсетті.Сабақтың тақырыбы “Пайыздық есептер”.Пазл-картина әдісі арқылы есептерді шығарып,топтар арасында жеңімпазды анықтады. “Жас мамандар” мектебінің жетекшісі Жакубекова Науша Буркутбаевна жас мамандар отырысының қорытындысын жасап,ықшам сабаққа қатысқан мұғалімдердің пікірін сұрады.Ықшам сабаққа қатысқан мұғалімдер өз ойларымен бөлісті. “Асыл тастан.Ақыл жастан”-деп,халық даналығы айтқандай жас мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандар мектебінің отырысы өз мақсатына жетті.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив