Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сыныпаралық жарыс ұйымдастырды » Средняя школа №1
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
"№1 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сыныпаралық жарыс ұйымдастырды
28
ақпан
2024

Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сыныпаралық жарыс ұйымдастырды

28- ақпан күні №1 орта мектеп кітапханашылары  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай екі ғасырға куә  болған өз дәуірінің ұлы жыршысы қазақ халқының біртуар перзенті болған ақынның өлеңдерін жас ұрпаққа наихаттау мақсатында 8-9 орыс  сыныптары арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сыныпаралық жарыс ұйымдастырды. Барлық сыныптар да іс-шараға үлкен  дайындықпен келді, өздері жаттаған ақын өлеңдерін орыс және қазақ тілдерінде мәнерлеп жатқа оқып , ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жарыса жауап беріп белсенділік танытты.
   Сондай ақ мектеп кітапханашылары «Жүз жасаған бәйтерек » атты кітап көрмесін ұйымдастырып, екі ғасырдың куәсі болған жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,  «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деп өткен ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы  айта келіп кітап көрмесіне шолу жасады.
 Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындағанын, Сейфуллин бас игенін, Сәбит Мұқановтың ардақтағанын, Ғабит Мүсіреповтің еркелегенін, Бауыржан Момышұлы бас игенін, сондай ақ әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтегенін айта келіп мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызы жарысқа қатысушы сынып оқушыларының белсенділігін бағалаушы әділқазылар алқасының шешіміне кезек берді . Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі бірінші орын 9 б сыныбына, жүлделі екінші орынды 8 в сыныбына, үшінші орын 8 б сыныбына берілді. Іс-шара соңында мектеп кітапханашылары қатысушы сыныптар мен сынып жетекшілеріне өз алғыстарын білдірді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив