14
қазан
2024
«Балалар кітапханасы » жобасы
Алатау қаласы Қоянқұс ықшамауданында орналасқан №1 орта мектеп кітапханасында мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызының ұйымдастыруымен 6 және 11 жас аралығындағы оқушылармен «Балалар кітапханасы » жобасына орай қазақ балаларын білімге шақырған ұстаз Ыбрай Алтынсариннің тәрбиелік мәні зор шығармаларын насихаттау мақсатында «Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы» атты іс-шара өтті .Әңгіме ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен ұстаз Ыбырай атамыз бен оның баға жетпес асыл мұралары жайында болды.
Кітапханашылар ұлы ағартушының өмірбаянына шолу жасап таныстырды. Ал оқушылар аз ғұмырында зор құнды дүниелер қалдырған ұстазға деген сүйіспеншіліктерін бойларындағы өнерлерімен көрсетті. Бірі өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқып жүрекке жеткізсе, бірі әңгімелерін актерлық шеберлікпен орындап шықты. Ең бастысы оқушылыр рухани азық алды.
Мектеп кітапханашылары ұлы ағартушының қазақ балалары үшін аса бағалы, құнды дүние болып саналатын шағын әңгімелері мен өлеңдері жақсы мінезге тәрбиелейтіндігі жайлы айтып өтті. Тілге жеңіл, түсінікті, көлемі де шағын бұл шығармалар осыдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын жазылса да, маңыздылығы қазіргі күні де артып отырғаны жайлы да айтып өтті.