23
сәуір
2025
Ұлттық кітап күні
Биылғы жылы 23 сәуір күні елімізде алғаш рет ресми түрде Ұлттық кітап күні аталып өтуде. Жаңа мерекені енгізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.Сондай-ақ Мемлекет басшысы шетелдік әдебиеттің нарықтағы үлесінің артып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, отандық көркем әдебиетті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Осыған орай №13 орта мектеп кітапханасында мереклік іс –шаралар жоспары жасалып ,мектеп ұжымы, ата-аналар және оқушылар болып «Ұлттық кітап күнін» атап өтті. Әр сынып жоспар бойынша өздері оқыған шығармалар туралы ой бөлісіп,пікірталас ұйымдастырды. Ата-аналар мен ұстаздар бірігіп өздері оқыған жақсы шығармаларды бір біріне ұсынып ,адам өміріндегі бала тәрбиесіндегі кітаптың маңызы жайлы ой бөлісті. Ақындар өлеңі оқылып ,домбыра шертіліп ән айтылды. Кеш қонақтары ұлттық әдебиетімізді насихаттау өте маңызды екенін айта келіп ,жас ұрпақты кітап оқуға ынталандырып жүрген мектеп кітапханашыларына өз алғыстарын білдіріп тарқасты.