11
ақпан
2025
«Жырлайды жүрек » атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сағаты
№1 орта мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Ақмарал Рахманқулқызының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 1-4 сыныптар арасында «Жырлайды жүрек » атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сағаты өтті. Іс-шара мақсаты оқушыларды ақынның өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Барлық іс-шараға қатысушы сыныптар ережеге сай ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып , өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады және де оқушылар ақын өмірі мен шығармаларына байланысты сұрақтарға жауап берді. Мектеп кітапханашылары іс-шараға қатысушы барлық оқушылар мен сынып жетекшілерге өз алғастарын білдіріп сыйлықтар табыстады. Оқушылардың өлең оқу мәнеріне көрермендер өз ризашылықтарын білдірді.









