30
қазан
2024
Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Алатау қаласының №1 орта мектеп кітааханасында кітапханашылар Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызының ұйымдастыруымен балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар жазушының "Менің атым Қожа"шығармасы желісінде түсірілген киноны көріп кинофильм жайлы өз ойларымен бөлісті. Іс- шараның өткізілуінің негізгі мақсаты: Оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды. Одан бірден 30 шақты тілге аударылып, бүкіл әлемге танылады. Бұл киноны 28 елдің балалары тамашалады. Биыл «Менің атым Қожа» фильміне 61 жыл толып отыр. Іс-шараға қатысқан 5 ә сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Сансызбаева Назира Берікқызы белсенділік танытып, шығарманы оқып, шығарма кейіпкері Қожаның рольін сомдап, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Оқушылар кинофильмде орындалған ақын Тұманбай Молдағалиевтың сөзіне Нұрғиса Тілендиевтың жазған "Туған ел" әнін орындады.