25
ақпан
2025
«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай оқушылар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сыныпішілік жарыс ұйымдастырды
25- ақпан күні № 13 орта мектеп кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай екі ғасырға куә болған өз дәуірінің ұлы жыршысы қазақ халқының біртуар перзенті болған ақынның өлеңдерін жас ұрпаққа наихаттау мақсатында 8 б орыс сыныбы оқушылары арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сыныпішілік жарыс ұйымдастырды. Барлық оқушылар іс-шараға үлкен дайындықпен келді, өздері жаттаған ақын өлеңдерін орыс және қазақ тілдерінде мәнерлеп жатқа оқып , ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жарыса жауап беріп белсенділік танытты.
Кітапханада ақын өмірі жайлы бейнебаян көрсетілді, мектеп кітапханашылары «Жүз жасаған бәйтерек » атты кітап көрмесін ұйымдастырып, екі ғасырдың куәсі болған жыршы- жырау, халық ақыны, «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деп өткен ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы айта келіп кітап көрмесіне шолу жасады.
Мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Ақмарал Рахманқулқызы жарысқа қатысушы сынып оқушыларының белсенділігін жоғары бағалады және де сынып жетекшісі М.С.Цулаеваға алғыс білдіре келіп оқушыларға сыйлықтар табыстады.