20
наурыз
2025
«Шақырады көктем » атты поэзия сағаты
20.03.2025 жылы «Тұма жырдың Тұманбайы» атанған аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай №13 орта мектеп кітапханашылары 8 а сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі Еспенбетова Мөлдірмен бірге «Шақырады көктем » атты поэзия сағатын өткізді .
Іс- шараның кіріспе бөлімінде кітапхана меңгерушісі Айман Казибекқызы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мағлұмат жасап ,ақын өмірінен видиосаяхат ұсынды. Екінші бөлімде 8 сынып оқушылары кезек кезек ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Үшінші бөлімде кеш қонақтарына ақын сөзін жазған әндер орындалды. Мектеп кітапханашысы Ақмарал Кольбаева кітапхана қорындағы ақын шығармаларына шолу жасады.
Іс-шара мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық поэзияның құндылықтарын терең ұғындыру. Поэзия сағаты оқушылардың танымын байытып, қазақ поэзиясының асыл мұраларын ұрпақ жадында сақтаудың маңызды екендігін көрсетті. Сондай ақ білім алушылар ақынның өмірі мен шығармашылығындағы қызықты жәйлармен де терең танысып тарасты. Кеш қонақтары мерекелі көңіл күй сыйлаған кітапханашыларға ризашылықтарын білдірді .