Іс-шаралар » Страница 3 » Средняя школа №13
Алматы облысы білім басқармасының
Алатау қаласы бойынша білім бөлімінің
"№13 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-83
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Білімдінің қолында алтын шырақ" атты іс-шара
02
сәуір
2025
"Білімдінің қолында алтын шырақ" атты іс-шара
2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай  № 13 орта мектеп  кітапханасында  "Білімдінің қолында алтын шырақ" атты іс-шара өткізілді.                                Мақсаты – оқушылардың  білімділік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын арттыру,кітаппен достастыру.        Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі, білім қазынасы. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.     
« Әдебиет әлемінде көктем самалы » атты іс-шара
31
наурыз
2025
« Әдебиет әлемінде көктем самалы » атты іс-шара
21-31 наурыз аралығында №13 орта мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Ақмарал Рахманқұлқызы « Әдебиет әлемінде көктем самалы » атты іс-шаралар жоспарын жасады ,мақсаты көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақыттарында кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Ата-аналар арасында балаларға кітап оқудың қажеттілігін
"Әдебиет әлемінде көктем самалы" атты оқушылардың көктемгі демалыста кітап оқуға құштарлығын арттыру
29
наурыз
2025
"Әдебиет әлемінде көктем самалы" атты оқушылардың көктемгі демалыста
"Әдебиет әлемінде көктем самалы" атты оқушылардың көктемгі демалыста кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында №13 орта мектеп кітапханасында Ұлттық салт -дәстүрлерді насихаттау мақсатында   "Салт-дәстүрім таусылмайтын  қазынам " атты іс-шара өтті.Салт-дәстүрге арналған іс-шараға 2-4 сынып оқушылары қатысып қонақ болды.  Кітапханада аталған тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Іс-шара мақсаты халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын оқушы бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері
«Шақырады көктем »  атты поэзия сағаты
20
наурыз
2025
«Шақырады көктем » атты поэзия сағаты
20.03.2025 жылы «Тұма жырдың Тұманбайы» атанған аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай №13 орта мектеп кітапханашылары 8 а сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі Еспенбетова Мөлдірмен бірге  «Шақырады көктем »  атты поэзия сағатын өткізді .     Іс- шараның кіріспе бөлімінде кітапхана меңгерушісі Айман Казибекқызы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша мағлұмат жасап ,ақын өмірінен видиосаяхат ұсынды. Екінші бөлімде 8 сынып
«Ептілер  мен  өнерлілер әлемі » тақырыбында  дене шынықтыру мен эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы
11
наурыз
2025
«Ептілер мен өнерлілер әлемі » тақырыбында дене шынықтыру мен
Алматы облысы Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданы №1 орта мектебінде «Ептілер  мен  өнерлілер әлемі » тақырыбында  дене шынықтыру мен эстетикалық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы.          Мақсаты:  Оқушылардың адамгершілік қасиетін, ұлттық сана-сезімін, ұлттық құндылықтарды  қалыптастырып,қазақ өнерінің озық үлгілерін үйретіп,өнерлі білікті, мәдениетті және денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу. Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып қоғам өміріне белсене қатынасатын
«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай оқушылар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сыныпішілік жарыс ұйымдастырды
25
ақпан
2025
«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың
25- ақпан күні № 13 орта мектеп кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында  жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай екі ғасырға куә  болған өз дәуірінің ұлы жыршысы қазақ халқының біртуар перзенті болған ақынның өлеңдерін жас ұрпаққа наихаттау мақсатында 8 б орыс  сыныбы оқушылары арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан сыныпішілік жарыс ұйымдастырды. Барлық оқушылар  іс-шараға үлкен  дайындықпен келді, өздері жаттаған ақын өлеңдерін орыс және қазақ тілдерінде мәнерлеп
№1 орта мектепте  жоспарға сәйкес “Үздік жас маман 2025” байқауы өтті
12
ақпан
2025
№1 орта мектепте жоспарға сәйкес “Үздік жас маман 2025” байқауы өтті
№1 орта мектепте  жоспарға сәйкес “Үздік жас маман 2025” байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы Тоғызбай Інжу Талғатқызы
«Жырлайды жүрек »  атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сағаты
11
ақпан
2025
«Жырлайды жүрек » атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сағаты
№1 орта мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Ақмарал Рахманқулқызының ұйымдастыруымен  қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 1-4 сыныптар арасында    «Жырлайды жүрек »  атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу сағаты өтті. Іс-шара мақсаты оқушыларды ақынның өмірімен және  шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу. Барлық
«Кітаптар ауруханасы», «Аман- сау бол, Кітап!»  бұрышы
31
қаңтар
2025
«Кітаптар ауруханасы», «Аман- сау бол, Кітап!» бұрышы
№1 орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және де кітапарды сақтау және қалпына келтіру , кітаптардың өмірін ұзарту мақсатында  мектеп кітапханашылары Елбаева А.К., Абижанова А.Н. кітапханада «Кітаптар ауруханасы», «Аман- сау бол, Кітап!»  бұрышын ұйымдастырды және де іс- шараның мақсатын түсіндірді. Шараға мектептегі кітапхана  активінің мүшелері  мен 5 ә, 5 б сынып оқушылары сынып жетекшілер Сансызбаева Назира мен
"Мамандықтар әлемі" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында тренинг жаттығулары өткізілді. Мақсаты: түлектердің мамандық таңдау жолындағы мақсаттарын айқындауға көмектесу. Педагог психологтар Каракулова Д.М.
28
қаңтар
2025
"Мамандықтар әлемі" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында тренинг
"Мамандықтар әлемі" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында тренинг жаттығулары өткізілді. Мақсаты: түлектердің мамандық таңдау жолындағы мақсаттарын айқындауға көмектесу. Педагог психологтар Каракулова Д.М.
Мектебімізде педагог психологтар  Алатау қаласының кітапханашылары мен өткізілген көңілді психологиялық тренинг өткізді мектеп психологтары Конгратбаева Ж.Б. Каракулова Д.М.
28
қаңтар
2025
Мектебімізде педагог психологтар Алатау қаласының кітапханашылары
Мектебімізде педагог психологтар  Алатау қаласының кітапханашылары мен өткізілген көңілді психологиялық тренинг өткізді мектеп психологтары Конгратбаева Ж.Б. Каракулова Д.М.
Жоспарға сәйкес 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Тақырыбы:"Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі"
24
қаңтар
2025
Жоспарға сәйкес 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жоспарға сәйкес 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Тақырыбы:"Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі" Жиналыс барысында мектеп психолгтарының оқушылармен жасаған жұмыстарының қорытындысы талқыланып ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді.
"Отбасылық үйлесімділіктің кілті-сенімді қарым-қатынас" тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел
21
қаңтар
2025
"Отбасылық үйлесімділіктің кілті-сенімді қарым-қатынас" тақырыбында
№1 орта мектебінде "Отбасылық үйлесімділіктің кілті-сенімді қарым-қатынас" тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсінік беру.  Педагог психологтар Конгратбаева Жайна Батырбаевна мен Каракулова Динара Муратбековна
"Жақсы көңіл күй жанға шуақ" тақырыбында психологиялық тренинг
15
қаңтар
2025
"Жақсы көңіл күй жанға шуақ" тақырыбында психологиялық тренинг
"Психология ғажайып әлем" онкүндігі аясында мектебіміздің мұғалімдерімен "Жақсы көңіл күй жанға шуақ" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Мектептің әкімшілігік мүшелерімен бірге "Балалық шаққа саяхат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
13
қаңтар
2025
Мектептің әкімшілігік мүшелерімен бірге "Балалық шаққа саяхат!"
Мектептің әкімшілігік мүшелерімен бірге "Балалық шаққа саяхат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Ілияс Есенберлиннің  туғанына 110 жыл толуына орай « Алмас қылыштың жарқылы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды
10
қаңтар
2025
Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай « Алмас қылыштың
№1 орта мектеп кітапханасында мектеп кітапханашылары Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызы 10 қаңтар күні ұлы жазушы, қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан тарихи романдардың авторы Ілияс Есенберлиннің  туғанына 110 жыл толуына орай « Алмас қылыштың жарқылы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. Кітап көрмесінде жазушының «Көшпенділер», « Хан Кене », «Қатерлі өткел»,« Жан сырым»,«Алтын Орда» шығармалары насихатталды. Кітапханашылар оқушыларды жазушы шығармаларымен таныстыра келіп Ілияс Есенберлин –
"МИФ" ӘБ «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы мектепішілік іс – тәжірибемен бөлісу семинарын ұйымдастырды
10
қаңтар
2025
"МИФ" ӘБ «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
Мектепішілік оқу тәрбие жоспарына сәйкес "МИФ" әдістемелік бірлестігі іс-тәжірибемен бөлісу семинарын ұйымдастырды. Тақырыбы: «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру». Семинар мақсаты: Жаратылыстану бағытындағы пәндерінде инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауа ттылығын дамыту.
«Желтоқсан жаңғырығы  » атты кітап көрмесі
13
желтоқсан
2024
«Желтоқсан жаңғырығы » атты кітап көрмесі
13 желтоқсан күні №1 орта мектеп кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 33  жылдығына орай  «Желтоқсан жаңғырығы  » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды еліміздің тарихи кезеңдегі жүріп өткен жолын баян еткен көрмеде  Желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы -Қайрат Рысқұлбековтың  «Еменнің иір бұтағы»  өлеңдер, нақыл сөздер , хаттары мен естеліктер жинағы, сондай ақ  Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы», Аманғазы Әлімғазыұлының « Жаралы Желтоқсан » т.б Тәуелсіздік жайлы шығармалар ұсынылды. Кітап
"Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі
13
желтоқсан
2024
"Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі
Алатау қаласына қарасты Қоянқұс ықшамауданында орналасқан №1 орта мектеп кітапханасында      Тәуелсіздік күні қарсаңында "Мақтанышым- Тәуелсіз Қазақстан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты оқушыларға тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата- бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік істерін үлгі ету. Отанын сүюге, еліне халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Кітап көрмесі ұстаздар мен оқушыларға, ел тарихын білгісі келетін көпшілік қауымға арналды
« Қанатты қалам иесі  »  атты әдеби кеш
12
желтоқсан
2024
« Қанатты қалам иесі » атты әдеби кеш
Алатау қаласына қарасты Қоянқұс ықшамауданында орналасқан №1 орта мектеп кітапханасында    жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай Алатау қаласының мектеп кітапханашыларының қатысуымен  жазушы шығармашылығына арналған « Қанатты қалам иесі  »  атты әдеби кеш ұйымдастырды.  Бейімбет Майлин 37-жылғы зұлматтың жазықсыз құрбаны болғандардың бірі, үлкен дарын, көп қырлы талант иесі,  небары 43 жыл ғана өмір кешкен қазақтың зиялы перзенті.  Іс-шара мақсаты қазақ әдебиетін барлық салада
"Тәуелсіздіктің сырлы бояулары"тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында көрме
10
желтоқсан
2024
"Тәуелсіздіктің сырлы бояулары"тақырыбында 5-7 сынып оқушылары
Алматы облысы Алатау қаласы "№1 орта мектеп" МКМ көркем еңбек пәнінің мқғалімдері Б.Тынбаева, А.Кусманова, А.Тұрсынбай 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында "Тәуелсіздіктің сырлы бояулары"тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында көрме қйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, эстетикалық талғамын дамыту. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, мақтаныш сезімін ояту.  Көрмеге 36 оқушы қатысты.  Төрехан Ерке, Маулен Бағжан 6 "А" сынып оқушылары, Жанатов Нұрасыл, Маулен Жарас ,
"Психология-ғажайып әлем" тақырыбында  онкүндік
09
желтоқсан
2024
"Психология-ғажайып әлем" тақырыбында онкүндік
Бала жанының бағбаны болу -бір бақыт.Мектепте "Психология-ғажайып әлем" тақырыбында  онкүндік басталды. Педагог-психолог Ж.Конгратбаева мен Д .Каракулова танертең ұстаздар мен оқушыларды көңілді тренинг, ойындармен қарсы алды.
"Зерде" бірлестік жетекшілері " Бастауыш-білім негізі" атты  мектепішілік жоспарға сәйкес семинар ұйымдастырды.
22
қараша
2024
"Зерде" бірлестік жетекшілері " Бастауыш-білім негізі" атты
"Зерде" бірлестік жетекшілері " Бастауыш-білім негізі" атты  мектепішілік жоспарға сәйкес семинар ұйымдастырды.
көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Тынбаева 6 сыныптарда  Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) тақырыбы сабағында білім алушылар ертегідегі  сүйікті кейіпкерлерінен көрініс
21
қараша
2024
көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Тынбаева 6 сыныптарда Анимация.
Алматы облысы Алатау қаласы Қоянқұс шағын ауданы №1 орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Тынбаева 6 сыныптарда  Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар) тақырыбы сабағында білім алушылар ертегідегі  сүйікті кейіпкерлерінен көрініс ұйымдастырды.
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" "АИТВ/ЖИТС- қа жол бермейміз" атты акция
21
қараша
2024
"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" "АИТВ/ЖИТС- қа жол бермейміз"
Жоспарға сәйкес 9 "А" сынып оқушыларымен  "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" "АИТВ/ЖИТС- қа жол бермейміз" атты акция ұйымдастырылып сонымен қатар мектептегі тәртіп пен мектеп ережелері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мақсаты: Оқушыларға АИТВ/ ЖИТС  түсініктерін қалыптастырып, олардың белгілері мен таралу жолдарын және де осы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілді. Ұйымдастырушылар: Мектеп медбикесі: Сұлтанбекова Р.М. мен педагог-ұйымдастырушы Конгратбаева Ж.Б
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі №1 орта мектеп кітапханасында ұйымдастырды
21
қараша
2024
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі №1 орта мектеп
Республикалық "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында 2024 жылғы жыл кітабы Қазақ балалар әдебиетінің классигі, әлем таныған жазушы, қазақ әдебиетін Хан Тәңіріндей биігіне көтерген қарымы бөлек қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі №1 орта мектеп кітапханасында ұйымдастырды. Кітап көрмесі төмендегідей бөлімдерден тұрды.  1 - бөлім :     «Ақиқаттан айнымаған қаламгер»       2 – бөлім :
Облыстық "Зерде" ғылыми жобасына 2 ші сынып оқушылары қатысып, 2 орынды иеленді.
04
қараша
2024
Облыстық "Зерде" ғылыми жобасына 2 ші сынып оқушылары қатысып, 2
Облыстық "Зерде" ғылыми жобасына 2 ші сынып оқушылары Қабылқақ Бауыржан мен Қайырғазы Амина қатысып, жетекшісі Садықова Берикзат Сайдыгалиевна. Облыстық "Зерде" ғылыми жобасынан 2- орынды иеленді.
жалпы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
04
қараша
2024
жалпы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық
Қараша айының 04-ші жұлдызында жалпы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 75 оқушы мектепішілік олимпиадаға қатысты. Мектепішілік кезең бойынша әр пәннен жоғары балл алып  1 орынды иеленген  оқушылар қалалық кезеңге қатысуға жолдама алды.
Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
30
қазан
2024
Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Алатау қаласының №1 орта мектеп кітааханасында кітапханашылар Айман Казибекқызы мен Аян Нұраханқызының ұйымдастыруымен балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар жазушының "Менің атым Қожа"шығармасы желісінде түсірілген киноны көріп кинофильм жайлы өз ойларымен бөлісті. Іс- шараның өткізілуінің негізгі мақсаты: Оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру.
мектепішілік "Зерде" ғылыми жобасы
18
қазан
2024
мектепішілік "Зерде" ғылыми жобасы
2024 жылдың қазан айының 16-сы  2-7 сынып оқушылар арасында мектепішілік "Зерде" ғылыми жобасы өткізілді. Ғылыми жобалар байқауына қатысушы 2-7 сынып оқушыларынан 32 оқушы 25 ғылыми жоба ұсынды. Ғылыми жоба қорытындысы нәтижесінде іріктеліп 19 ғылыми жоба қалалық кезеңге ұсынылды.